1 күн бұрын
Қазақстандық боксшы Головкин мансабын қашан аяқтайды?
Орта салмақтағы экс-чемпион және World Boxing ұйымы президенттігіне кандидат Геннадий Головкин соңғы жекпе-жек және спорттық мансабын аяқтау жайлы ойын бөлісті.
GGG-дің сөзінше, шешім сайлау нәтижесіне байланысты болады. Егер ол президенттікке сайланса, рингке шығу мүмкіндігі айтарлықтай төмендейді.
— Ең алдымен, егер менің кандидатурам World Boxing ұйымының президенті болып бекітілсе, ресми түрде мансабымды аяқтайтынымды хабарлаймын. Дегенмен… қайтып шығу мүмкіндігі әрдайым бар. Мен өзімді формада ұстап жүрмін, спорттық өмір салтын сақтаймын — сондықтан камбэкті мүлде жоққа шығара алмаймын, — деді 43 жастағы Головкин BBC-ге берген сұхбатында.
Қазақстандық боксшы соңғы рет рингке 2022 жылы шыққан, сол кезде Сауль «Канело» Альвареске үшінші кездесуде жеңіліп қалған. Ресми түрде мансабын аяқтау туралы хабарлама әлі жарияланған жоқ.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас