20 сағат бұрын
Александр Усик: бокс мансабымды әлі аяқтамаймын
Кәсіпқой бокста жеңілістің дәмін татпаған украиналық спортшы Александр Усик мансабына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz
Мансабыңызда аяқтау үшін қанша жекпе-жек өткізуді жоспарлайсыз?
- Үшеу деп ойлаймын. Бұл менің жоспарым. Әзірше бокс мансабымды аяқтамаймын, - деді Александр Усик.
Еске сала кетейік, украиналық боксшының соңғы жекпе-жегі 20 шілдеде Лондондағы (Ұлыбритания) «Уэмбли» стадионында өтті. Усик рингке британиялық Даниэль Дюбуаға қарсы шыққан. Бұл кездесуде аса ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы сарапқа салынды. Александр бесінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Бұл боксшылар арасындағы реванш болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов