20 сағат бұрын
Бокстан Үндістандағы Әлем кубогында алғашқы медаль түсті
Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем кубогында жартылай финалдық бәсекелер басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әйелдер арасындағы +80 келіде сынға түскен Әсел Тоқтасын жартылай финалда Өзбекстанның өкілі Олтиной Сотимбоевамен жұдырықтасты. Үш раундқа жалғасқан жекпе-жекте төрешілер бірауыздан жеңісті Өзбекстан спортшысына берді.
Айта кетейік, Әсел Тоқтасын жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері саналады.
Беделді бәсеке 16-20 қарашада өткізіледі. Қазақстан атынан ерлер құрамасынан 8 боксшы, ал әйелдер құрамасынан 5 спортшы қатысуға мүмкіндік алды.
Әлем кубогы үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңі сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында болса, одан кейін шілде айында Астана да жалауын көтерді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов