19 сағат бұрын
Санжарали Бегалиев Үндістандағы Әлем кубогында жүлделі болды
Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем кубогында жартылай финалдық бәсекелер басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
80 келіде бақ сынаған жастар арасындағы әлем чемпионы Санжарали Бегалиев жартылай финалда Ұлыбритания өкілі Оладемиджи Шиттпен жұдырықтасты. 3 раундқа жалғасқан айқаста отандасымыз барын салғанымен, төрешілер жеңісті ағылшындық боксшыға берді.
Айта кетейік, санаулы сәт бұрын Әсел Тоқтасын да қола жүлдеге иелік етіп еді.
Беделді бәсеке 16-20 қарашада өткізіледі. Қазақстан атынан ерлер құрамасынан 8 боксшы, ал әйелдер құрамасынан 5 спортшы қатысуға мүмкіндік алды.
Әлем кубогы үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңі сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында болса, одан кейін шілде айында Астана да жалауын көтерді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов