16 сағат бұрын
Бокстан Диана Мағауияева Әлем кубогында қола жүлдегер атанды
Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем кубогында жартылай финалдық бәсекелер өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
80 келіде сынға түскен Диана Мағауияева жартылай финалда әлем чемпионы Агата Качмарскамен (Польша) жұдырықтасып, төрешілердің бірауыз шешімімен есе жіберді.
Айта кетейік, бұған дейін Әсел Тоқтасын (+80 келі) мен Санжарәли Бегалиев (80 келі) те қола жүлдені еншілеген еді.
Беделді бәсеке 16-20 қарашада өткізіледі. Қазақстан атынан ерлер құрамасынан 8 боксшы, ал әйелдер құрамасынан 5 спортшы қатысуға мүмкіндік алды.
Әлем кубогы үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңі сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында болса, одан кейін шілде айында Астана да жалауын көтерді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов