13 сағат бұрын
Диана Мағауияева бокстан әлем кубогында қола жүлдегер атанды
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстандық былғары қолғап шебері Диана Мағауияева Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогы ақтық кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұрымды боксшымыз 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Диана жартылай финалда Польша өкілі Агата Кацмарскамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде польшалық боксшы басымдық танытып, жеңіске жетті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас