24 сағат бұрын
Бокстан Ұлжан Сәрсенбек Әлем кубогында қола жүлдегер атанды
Делиде бокс бойынша Әлем кубогының финалдық кезеңі аясындағы соңғы жартылай финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
57 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Ұлжан Сәрсенбек жарыс қожайыны Жасминмен кездесті.
Бірінші раундта ринг иесінің басымдығы байқалып, төрешілер оны 5:0 есебімен Жасминнің пайдасына тіркеді. Дәл осындай есеп екінші раундта да қайталанды.
Үш раундтың қорытындысы бойынша, төрешілер Жасминге бірауыздан жеңіс берді. Ұлжан Сәрсенбек жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов