19 сағат бұрын
Бокстан Нұрбек Мурсал Әлем чемпионын жеңіп кетті
Қазақстандық боксшы Нұрбек Мурсал Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған Әлем кубогының финалдық кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
70 келі салмақтағы отандасымыз жартылай финалда әлем чемпионы, украиналық Юрий Захариевпен жұдырықтасты. Алғашқы раундтан-ақ қос боксшы алға ұмтылып басымдықты алуға тырысты. Әйтсе де Нұрбек қашықтық пен соққылар алмасу барысында басым болды.
Бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңі 20 қарашаға дейін жалғасады. Бұл турнирге Қазақстаннан ерлер және әйелдер құрамалары қатысып жатыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов