5 сағат бұрын
Головкин World Boxing президенттігіне жалғыз үміткер атанды
Грекия бокс федерациясының президенті Харис Мариолис World Boxing ұйымының басшысы қызметіне өз кандидатурасын ресми түрде қайтарып алды. Бұл туралы Украинаның бокс федерациясы хабарлады.
Мариолис кандидатурасын алып тастағаннан кейін ұйымды басқаруға жалғыз үміткер – Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин болып отыр.
World Boxing-тің дүниежүзілік конгресі өтіп жатқан Рим қаласында апта соңында сайлаудың шешуші кезеңі өтеді. Дәл осы жиында ұйым делегаттары жаңа президентті анықтайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас