Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Әлем кубогы финалында бүгін қазақстандық екі боксшы шығады

Әлем кубогы финалында бүгін қазақстандық екі боксшы шығады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем кубогы финалында 20 қарашада ел құрамасынан екі боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Ел құрамасынан Нұрбек Мурсал (70 келі) финалда үндістандық Хитеш Хитешпен кездессе, Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі) өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен қолғап түйістіреді.


Беделді бәсеке 16-20 қараша аралығында өтіп жатыр. Оған Қазақстан атынан ерлер құрамасынан 8, ал әйелдер құрамасынан 5 спортшы қатысуға мүмкіндік алды.

Әлем кубогі үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңі сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында болса, одан кейін шілде айында Астана да жалауын көтерді.

Бірінші кезеңде отандастарымыз 3 алтын, 3 қола алса, екінші кезеңде 8 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлдеге қол созды.


 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас