Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Бокстан Нұрбек Мурсал Әлем кубогында күміс жүлде алды

Бокстан Нұрбек Мурсал  Әлем кубогында күміс жүлде алды

Қазақстандық боксшы Нұрбек Мурсал Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған Әлем кубогының финалдық кезеңінде ақтық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

70 келі салмақтағы отандасымыз финалда басты фаворит әрі жарыс қожайыны Хитиш Хитишпен жолықты. Шиеленісті өткен айқаста төрешілер екіге бөлінген дауыспен жеңісті үндістандық спортшыға берді.

Айта кетейік, кеше Нұрбек Мурсал жартылайфиналда әлем чемпионы, украиналық Юрий Захариевты ұтып еді.

Бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңі 20 қарашаға дейін жалғасады. Бұл турнирге Қазақстаннан ерлер және әйелдер құрамалары қатысып жатыр.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас