3 күн бұрын
Бокстан Сұлтанбек Айбарұлы Әлем кубогында чемпион атанды
Қазақстандық боксшы Сұлтанбек Айбарұлы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған Әлем кубогының финалдық кезеңінде ақтық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
85 келі салмақтағы отандасымыз финалда өзбекстандық Жасурбек Юлдашевпен кездесті. Айқас барысында отандасымыздың соққысы нық әлі нәтижелі қимылдай білді. Нәтижесінде төрешілер жеңісті отандасымызға берді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Әлем кубогын бір ғана алтынмен аяқтады.
Айта кетейік, Сұлтанбек Айбарұлы Қазақстан чемпионатында күміс жүлде алып, бірінші рет халықаралық турнирге қатысуға мүмкіндік алған еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов