1 күн бұрын
Головкин World Boxing уйымынын жана президенті болады
World Boxing ұйымы Геннадий Головкиннің ресми түрде ұйымның келесі президенті болатынын хабарлады. Тәуелсіз тексеру комиссиясының қорытындысынан кейін ол басшылыққа үміткер жалғыз кандидат ретінде қалды.
Головкин 2025 жылдың 23 қарашасында Римде өтетін конгресте ресми түрде бекітіледі. Сол жерде ол қазіргі президент Борис ван дер Ворстен өкілеттікті қабылдап, ұйым басшысы ретіндегі қызметіне кіріседі.
Президент сайлауымен қатар, конгресс делегаттары бір вице-президент пен екі атқарушы кеңес мүшесін таңдайды. World Boxing ұйымы 2023 жылдың сәуірінде боксты Олимпиада бағдарламасында сақтау мақсатында құрылып, 2025 жылдың ақпанында Халықаралық Олимпиада комитетінен уақытша мойындау алған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас