Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Қазақстан боксы тарихындағы ең ірі жекпе-жек аталды

Қазақстан боксы тарихындағы ең ірі жекпе-жек аталды

АҚШ-тық телепродюсер Марк Ортега бұрынғы орта салмақ чемпионы Геннадий Головкин мен қазіргі белбеу иегері Жәнібек Әлімханұлы арасындағы гипотетикалық жекпе-жек туралы пікір білдірді.

Ортега бұл ойын GGG-дің сұхбатындағы мәлімдемеге жауап ретінде айтты — онда Головкин қоштасу жекпе-жегі үшін рингке оралу мумкіндігін жоққа шығармаған еді. Марктың ойынша, мұндай кездесу үшін ең қолайлы қарсылас дәл «Kazakh Style» болар еді.

«GGG мен Жәнібектің жекпе-жегі ел тарихындағы ең үлкен айқас болар еді», — деп жазды маман Х әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы келесі айда кезекті жекпе-жегін өткізеді — 6 желтоқсанда АҚШ-та ол Эрисланди Ларамен орта салмақтағы WBO, IBF және WBA әлем чемпиондық белбеулері үшін бақ сынасады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас