26.06.2023
Александр Бубликтің Испаниядағы алғашқы қарсыласы анықталды

Александр Бублик
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (АТР рейтингінде 48-орын) Испанияның Мальорка қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/16 финалында өнер көрсетеді.
Бублик жергілікті спортшы Альберт Рамос-Виноласпен (72) кездеседі. Матч 27 маусым күні Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.
Қазақстандық теннисші бұған дейін Германияның Галле қаласында өткен турнирдің финалында ресейлік Андрей Рублевті (7) 6:3, 3:6, 6:3 есебімен ұтқан болатын. Бұл Александрдың мансабындағы екінші ATP титулы. Турнирде жеңіске жеткені үшін теннисші 410 мың еуроға (200 миллион теңгеден астам) ие болып, әлемдік рейтингте 26-орынға көтерілді.
