30.12.2024
Қорытынды рейтингте каратэші Софья Берульцева көш бастап тұр
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
WKF каратэден халықаралық федерация 2024 жылды қорытындылап, ката және кумите бағдарламасы бойынша қорытынды рейтингті жариялады.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтырғы Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы және Дүниежүзілік ойындардың чемпионы (2022 жыл) Софья Берульцева +68 кг салмақта көш бастады. Ұлттық құрама спортшысының еншісінде 4515 ұпай бар.
Ал әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай -50 кг салмақта 2-орыннан көрінді. Тағы бір отандасымыз Әсел Қанай (-61 кг) 4-сатыда қалды.
Кумитеден ерлер арасындағы ең жоғарғы орын Нұрқанат Әжіқановқа (-75 кг) тиесілі. Ол 3405 ұпаймен мысырлық каратэшіден кейін 2-орында жылды аяқтады.
Қалған спортшыларымыздың рейтингі мынадай:
Қайсар Алпысбай (-60 кг) 5-орын
Дидар Әмірәлі (-67 кг) 4-орын
Данияр Юлдашев (-84 кг) 9-орын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас