Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

22.02.2025

«Қайрат» — 2025 жылғы Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы

«Қайрат» — 2025 жылғы Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы

Фото: «Қайрат» ФК

«Қайрат» футбол клубы Қазақстан Суперкубогының үш дүркін чемпионы атанды.

Елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен суперкубок ойынында «Қайрат» бітіспес қарсыласы «Ақтөбені» тізе бүктірді.

Матч 2:0 есебімен алматылық клубтың пайдасына аяқталды. Ойынның 58-ші минутта Элдер Сантана есеп ашты. Ал 87-ші минутта Валерий Громыко есепті еселеп, матчқа нүкте қойды. Одан бөлек 61-ші минутта «Қайрат» ойыншысы Еркін Тапалов қызыл қағазбен жазаланды.

Осылайша «сары-қаралар» өз тарихында үшінші рет Қазақстан Суперкубогында топ жарды. Осыған дейін клуб бұл жетістікке 2016, 2017 жылдары жеткен.

Айта кетейік, бұл матч Қазақстан Суперкубогы тарихында ең көп жанкүйер жинаған ойын ретінде тіркелді. «Астана Аренаға» 23 975 көрермен жиналып, командаларға керемет қолдау көрсетті.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан