4 сағат бұрын
Чемпиондар лигасы: «Атлетико Мадрид» - «Барселона» негізгі құрамын жариялады
Фото: UEFA.com
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы ¼ финалының қарымта ойынында «Атлетико Мадрид» - «Барселона» кездесуінің негізгі құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы кездесуде «Атлетико Мадрид» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түскен еді.
«Атлетико»: Муссо, Молина, Ле Норман, Лангле, Руджери, Льоренте, Симеоне, Лукман, Коке, Гризманн, Альварес.
«Барселона»: Ж. Гарсия, Канселу, Мартин, Кунде, Э. Гарсия, Педри, Ямаль, Лопес, Ольмо, Гави, Торрес.
«Атлетико Мадрид» (Испания) - «Барселона» (Испания) ойыны Қазақстан уақытымен 23:50-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетсек, жартылай финал 28-29 сәуір және 5-6 мамырда болады.
Финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан