23.02.2025
«Реал Мадрид» төрешілерге наразылық акциясын ұйымдастырады
Фото: AFP
«Реал Мадрид» футбол клубы Испания футбол федерациясындағы төрешілердің шешімдеріне қатысты арнайы наразылық акциясын өткізуді жоспарлап отыр.
Relevo басылымының хабарлауынша, клуб басшылығы жанкүйерлерден алдағы матчтың 12-ші минутында «Федерацияда коррупция» деп ұрандатуды сұраған.
Еске салсақ, бүгін мадридтік клуб испан Ла Лигасының 25-туры аясында өз алаңында «Жиронаны» қабылдайды. Ойын сағат 20:15-ке жоспарланған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи