23.02.2025
Софья Самоделкина төрт құрлық чемпионатын жетінші орында аяқтады
Фото: Сали Сабиров/ҰОК баспасөз қызметі
Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өткен мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионаты өз мәресіне жетті.
Әйелдер арасында сынға түскен қазақстандық Софья Самоделкина 193,37 ұпай жинап, жетінші орынға тұрақтады.
Жарысқа қатысқан тағы бір отандасымыз София Фарафонова 104,20 ұпай еншілеп, 20-орынға табан тіреді.
Төрт құрлық чемпионатында алтын медальды жарыс қожайыны Ким Чхэ Ён (222,38) жеңіп алды. Америкалық Брэдди Теннелл (204,38) күміс жүлдегер атанса, үздік үштікті оның отандасы Сара Эверхардт (200,03) түйіндеді.
Еске салсақ, ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық Михаил Шайдоров 285,10 ұпай жинап, чемпион атанған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи