23.02.2025
Садақ атушыларымыз Азия кубогының алғашқы кезеңінен жүлделі оралды
Садақ атудан 2025 жылдың бірінші халықаралық жарысы саналатын Таиландтағы Азия кубогының кезеңі жерлестеріміз үшін сәтті аяқталды.
Компаунд. Әйелдер
1-орын. Сеунгиеон Хан (Оңтүстік Корея)
2-орын. Роксана Юнусова (Қазақстан)
3-орын. Гиса Биборди (Иран)
Роксана жарыс барысында 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері (командалық) Иохюн Охты жарыс жолынан шығарды. Ал финалда Сеунгиеон Ханға 142:145 есебімен жол берді.
Компаунд. Аралас жұптық сайыс
1-орын. Малайзия
2-орын. Қазақстан (Андрей Тютюн мен Виктория Лян)
3-орын. Оңтүстік Корея
Отандастарымыз жартылай финалда басты фаворит саналған Оңтүстік Кореядан (2019 жылғы әлем чемпионы (командалық) Жаевон Янг пен 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері (командалық) Иохюн Ох) басым түсті.
Компаунд. Әйелдер. Командалық жарыс
1-орын. Оңтүстік Корея
2-орын. Қазақстан (Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова)
3-орын. Үндістан
Аруларымыз жартылай финалда 2023 жылғы әлем чемпионы Үндістаннан мықтылығын дәлелдеді. Қарсылас сапында жастар арасында әлем чемпионы атағы бар Авнит Каур өнер көрсетті.
Өкінішке қарай, Олимпиада бағдарламасына кіретін классикалық садақ атудан ерлер құрамасы жүлдеге сәл жетпей, 4-орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов