8 сағат бұрын
Нокаутқа түсіп әлемді шулатқан Айдос Ербосынұлы қайта рингке оралуы мүмкін

Қазақстандық танымал боксшы Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) үлкен спортқа оралу туралы жоспары барын айтты.
Айдос WBO Global және WBC Asian чемпиондық атақтарына ие, сонымен қатар екінші орта салмақта WBA атағына үміткер болған. Дегенмен ол 2022 жылғы қарашадан бері шаршы алаңға шыққан жоқ.
Ербосынұлы Данияр Елеусіновтің менеджері әрі All Stars Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Зия Алиевпен кездесу өткізген. Ал келісімшарттың мән-жайына қатысты Айдос: «Күтіңіздер. Дауыл алдындағы тыныштық», - деп қана пікір білдірді.
