2 күн бұрын
Төрехан Сабырхан кәсіпқой боксқа қашан ауысатынын айтты

5 сәуір күні "Барыс Арена" мұз сарайында өткен кәсіпқой бокс кешінде ең жас қатысушы, 19 жастағы Төрехан Сабырхан чехиялық қарсыласы Йиржи Хаукені мерзімінен бұрын жеңген еді. Осы орайда боксшы кәсіпқой бокс жайлы не ойлайтынын да айта кетті.
- Жеңісімді анамның туған күніне арнаймын. Жарысқа қолдау білдірген Бауыржан Каримов ағама алғыс білдіремін. Ойымызда дәл осы тактика тұрды. Барлығын дұрыс істедік. Толықтай кәсіпқой боксқа ауысқан жоқпын. Олимпиада алтынын алған соң 25 жастан кейін кәсіпқой боксқа ауысамын. Бокс төбелес ғана емес, ол өнер,-деді Төрехан Сабырхан.
