Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Лихтенштейн Лихтенштейн 0:2 Аяқталды Гибралтар Гибралтар УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Украина Украина 1:2 Аяқталды Венгрия Венгрия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Франция Франция 4:1 Аяқталды Бельгия Бельгия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Солтүстік Ирландия Солтүстік Ирландия 0:0 Аяқталды Грузия Грузия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Босния және Герцеговина Босния және Герцеговина 1:0 Аяқталды Польша Польша УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Румыния Румыния 0:1 Аяқталды Швеция Швеция УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Черногория Черногория 0:0 Аяқталды Армения Армения УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Италия Италия 3:1 Аяқталды Түркия Түркия Шанхай мужчины Теннис Бернард Томич Бернард Томич 09:00 Бүгін Тимофей Скатов Тимофей Скатов Сучжоу женщины Теннис Юлия Путинцева Юлия Путинцева 10:00 Бүгін Юшань Шао Юшань Шао Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея 16:00 Бүгін Өзбекстан Өзбекстан Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Үндістан Үндістан 19:00 Бүгін Уругвай Уругвай Еуропа чемпионаты U21, іріктеу Футбол Молдова U21 Молдова U21 19:00 Бүгін Қазақстан U21 Қазақстан U21 УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Қазақстан Қазақстан 19:00 Бүгін Фарерские аралдары Фарерские аралдары Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Ресей Ресей 21:00 Бүгін Нигерия Нигерия КХЛ Хоккей СКА СКА 21:30 Бүгін Северсталь Северсталь Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Иордания Иордания 22:00 Бүгін Венесуэла Венесуэла Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Алжир Алжир 22:00 Бүгін Нигер Нигер УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Люксембург Люксембург 23:45 Бүгін Болгария Болгария УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Англия Англия 23:45 Бүгін Чехия Чехия

08.04.2025

Жалоловтың қарсыласы: Жекпе-жекке бес күн қалғанда келісімшартты ұсынды

Жалоловтың қарсыласы: Жекпе-жекке бес күн қалғанда келісімшартты ұсынды

Астанада өткен бокс кешінде өзбекстандық Баходир Жалоловтан (15-0, 14 KO) жеңілген аса ауыр салмақтағы украиналық Игорь Шевадзуцкий (12-3, 10 KO) қазақстандық жанкүйерлерге алғыс білдірді.

35 жастағы украиналық боксшы – Жалоловтың мансабындағы жекпе-жекті төрешілер шешіміне дейін жеткізген алғашқы қарсылас. Себебі өзбектің алыбы бұған дейінгі айқастарының барлығын мерзімінен бұрын аяқтаған. 

«Жекпе-жекке аз уақыт қалғанда келістік. Дайындалуға, тіпті бірде-бір спарринг өткізуге мүмкіндік болмады. Жекпе-жекке бес күн қалғанда келісімшарт келді. Ал Астанаға айқасқа бір күн қалғанда жеттім. Сөйте тұра мен мұнда жеңілу үшін келген жоқ едім. Мұндай лайықты, мықты, ең үздік боксшылардың бірімен шаршы алаңды бөлісу – мен үшін үлкен құрмет. Ноунеймдермен жекпе-жек өткізіп, нәтижесіз қуанып жүргеннен осындай мықтылармен жұдырықтасқан артық.
Құдайға, командама және Баходир мен оның командасына алғыс айтамын. Қазақстан халқына керемет қолдау көрсеткені үшін ерекше ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға сәлем жолдаймын. Бәрі тамаша болды.
Әрине, жеңіліс ешкімге қуаныш әкелмейді. Бірақ мен өзім жақсы көретін іспен айналысып, рахатқа бөлендім. Жеңгім келгені рас, бірақ болған іс болды, оны өзгерте алмайсың», - деді Шевадзуцкий UBET.KZ YouTube арнасына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, екі алыптың айқасы бастапқыда жоспарланған он раундқа жалғасып, Жалолов төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.


Біздің серіктес: Sport12kz