10 сағат бұрын
100 000 теңге: Семейлік қос былғары қолғап шеберіне сыйақы табысталды

Абай облысы бокс федерациясы атынан Ақнұр Тұрсынғали мен Жанель Имантаеваға ақшалай сыйлық табыс етілетін болды, деп хабарлайды Sport12kz.
Бұл жөнінде федерация басшысы Мақат Төрәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Абай облысының абыройын асқақтатқан қыздарымызды құттықтаймыз! 20-26 сәуір күндері Қызылорда қаласында өткен бокстан VI Жастар ойындарында Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) екінші, Жанель Имантаева (54 келі) үшінші орын иеленді. Бұл жеңістер -тынымсыз еңбектің, табанды дайындықтың, және нағыз қайсарлықтың нәтижесі. Абай облысы бокс федерациясының президенті ретінде, өз атымнан және федерация атынан қыздарымыздың еңбегін бағалап, әрқайсысына 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыстаймын. Алдағы уақытта да жаңа белестерді бірге бағындырамыз деп сенемін! Сәттілік пен жарқын жеңістер тілеймін! - деп жазды ол.
