26.04.2025

ҚПЛ: «Астана» екінші орынға көтерілді

ҚПЛ: «Астана» екінші орынға көтерілді

Фото: «Астана» футбол клубы

Елордалық «Астана» футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының алтыншы турында «Атырау» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Өткен турда «Тұранмен» тең түскен астаанлық клуб бұл жолы үш ұпай олжалауға күш салды. Ойынның алғашқы минутынан тізгінді өз қолына ұстауға тырысты. Жылдам гол соғуға тырысқан команда дегеніне небәрі бірінші минутта жетті.

«Астана» сапынан Джеффри Чинеду 1-минутта есеп ашса, ол 45-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты. 

Екінші кезеңде «Атырау» қатарынан Мирам Сапанов 66-минутта есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша «Астана» қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. 

Ал тағы бір кездесуде «Ақтөбе» жезқазғандық «Ұлытауды» 1:0 есебімен жеңді.

Бүгін семейлік «Елімай» сырт алаңда талдықорғандық «Жетісудан» 3:0 есебімен басым түссе, «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Жеңіс» (Астана) 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Ертең, 27 cәуірде «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайсар» (Қызылорда) ойнаса, «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тұран» (Түркістан), «Қайрат» (Алматы) пен «Тобыл» (Қостанай) шеберлік байқасады.


Әлем кубогының екінші жарыс күні қалай өтті?

Бокс 8 сағат бұрын

Әлем кубогының екінші жарыс күні қалай өтті?

Айбек Оралбай еш қиындықсыз келесі айналымға шықты

Бокс 8 сағат бұрын

Айбек Оралбай еш қиындықсыз келесі айналымға шықты

Серік Теміржанов тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті

Бокс 9 сағат бұрын

Серік Теміржанов тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті

Әлем кубогы:  Надежда Рябец Панамерика ойындарының чемпионын жеңді

Бокс 9 сағат бұрын

Әлем кубогы: Надежда Рябец Панамерика ойындарының чемпионын жеңді

Надежда Рябец жартылай финалға шықты

Бокс 10 сағат бұрын

Надежда Рябец жартылай финалға шықты

Алматыда дзюдодан халықаралық семинар өтті

Дзюдо 11 сағат бұрын

Алматыда дзюдодан халықаралық семинар өтті