8 сағат бұрын

Сәкен Бибосынов әлемдік рейтингте көш бастады

Сәкен Бибосынов әлемдік рейтингте көш бастады

Фото: Ben McShane/Sportsfile via Getty Images

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сәкен Бибосынов аса жеңіл салмақ (51 келіге дейін) дәрежесіндегі жаңартылған BoxRec рейтингінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жетістікке Сәкен Ресейдің Хабаровск қаласында 15-19 сәуір аралығында өткен Константин Коротковты еске алу турнирінде топ жарғаннан кейін жетті.

Аталған турнирде 54 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Бибосынов қарсылас шақ келтірмеген еді. Жарыс барысында отандасымыз алдымен ресейлік Курбан Байрамбековті (5:0), кейін өзбекстандық Фариезбек Дусматовты (5:0) айқын басымдықпен ұтты. Ал финалда Ресей өкілі Денис Пальшинді 5:0 есебімен сенімді жеңді.

BoxRec нұсқасы бойынша Сәкен өзге салмақта чемпион атанғанына қарамастан, өзінің негізгі салмағында көш бастап тұр.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов – бокстан Әлем чемпионы (2021), Токио Олимпиадасының қола жүлдегері (2021).

ҚПЛ: «Астана» екінші орынға көтерілді

Футбол 5 сағат бұрын

ҚПЛ: «Астана» екінші орынға көтерілді

Қазақстандық маунтинбайкер Азия чемпионатында күміс алды

Басқа 7 сағат бұрын

Қазақстандық маунтинбайкер Азия чемпионатында күміс алды

Сәкен Бибосынов әлемдік рейтингте көш бастады

Бокс 8 сағат бұрын

Сәкен Бибосынов әлемдік рейтингте көш бастады

 100 000 теңге: Семейлік қос былғары қолғап шеберіне сыйақы табысталды

Бокс 9 сағат бұрын

 100 000 теңге: Семейлік қос былғары қолғап шеберіне сыйақы табысталды

Волейбол: «Жетісу» Азия Чемпиондар лигасының финалына шықты

Басқа 10 сағат бұрын

Волейбол: «Жетісу» Азия Чемпиондар лигасының финалына шықты

Бақыт Құсақбаева - Азия чемпионатының қола жүлдегері

Дзюдо 11 сағат бұрын

Бақыт Құсақбаева - Азия чемпионатының қола жүлдегері