2 күн бұрын

Ақтөбеде жаңа стадионның құрылысы жақын уақытта басталады

Ақтөбе қаласындағы жаңа стадионның құрылысы жақын уақытта басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды.

Дирекция жетекшісі сапар барысында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың қабылдауында болып, өңірдегі футбол инфрақұрылымының даму барысы мен алдағы жоспарларды талқылады.

«Федерация басшысы Марат Омаровтың тапсырмасымен Ақтөбе өңіріне жұмыс сапарымен барып, облыс әкімі Асхат Берлешұлының қабылдауында болдым.Өңір басшысы әлеуметтік бастамалармен қатар, бұқаралық және кәсіби спортты дамыту ісіне ерекше көңіл бөліп отыр. Әкім жанкүйерлермен тікелей байланыс орнатып, футболды қолдап, барлық деңгейде жүйелі жұмыс жүргізуде. Ақтөбе қаласында нағыз спорттық рух қалыптасқан. Бұл — әкімдік тарапынан жасалып жатқан нақты қолдау мен бастамалардың нәтижесі.Кездесу барысында ең басты мәселелердің бірі — жаңа футбол стадионының құрылысы талқыланды, - деді ол.  

Оның айтуынша, Ақтөбе облысының басшылығы халықаралық талаптарға сай жаңа стадион салуға жақын арада кіріседі. Сондай-ақ, «Есет Батыр» атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында «Алаң» бағдарламасы аясында футбол алаңының төсеніші жаңартылады.


Бақтиер Зайнутдинов жарақатынан айықты

Футбол 2 минут бұрын

Бақтиер Зайнутдинов жарақатынан айықты

Freedom QJ League: Сәуір айының ең үздік голы анықталды

QJ League 35 минут бұрын

Freedom QJ League: Сәуір айының ең үздік голы анықталды

«Ордабасы» тәрбиеленушілері бразилиялық клубқа қаралымға барады

Футбол 2 сағат бұрын

«Ордабасы» тәрбиеленушілері бразилиялық клубқа қаралымға барады

Бублик «Ролан Гарростағы» сенсациядан кейін әлемдік рейтингте шарықтады

Теннис 2 сағат бұрын

Бублик «Ролан Гарростағы» сенсациядан кейін әлемдік рейтингте шарықтады

Александр Бублик сенсациялық жеңістен кейін пікір білдірді

Теннис 3 сағат бұрын

Александр Бублик сенсациялық жеңістен кейін пікір білдірді

«Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалдық жұптары анықталды

Теннис 3 сағат бұрын

«Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалдық жұптары анықталды