03.06.2025

Freedom QJ League: Сәуір айының ең үздік голы анықталды

Freedom QJ League: Сәуір айының ең үздік голы анықталды

Фото: «Ордабасы» ФК

QJ League лигасының сәуір айындағы ең үздік голы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

16 жасқа дейінгі футболшылар соққан голдардың ішінен жанкүйерлер ең әсерлісін таңдады.

Үздік гол лиганың ресми Telegram-арнасында онлайн дауыс беру арқылы анықталды. Жалпы сауалнамаға 7393 адам қатысты. Нәтижесінде 2608 дауыс жинаған «Ордабасы» клубының шабуылшысы Бекасыл Қанаттың «Қайсар» (2:2) қақпасына соққан добы үздік деп танылды.

  1. Бекасыл Қанат («Ордабасы») – 2608 дауыс
  2. Ерсұлтан Біртай («Қайсар») – 2175
  3. Альберт Сидихов («Атырау») – 1287
  4. Асылбек Илхамов («Ордабасы») – 582
  5. Тамерлан Сарсымбаев («Қайрат») – 282
  6. Ануар Төленді («Астана») – 136
  7. Мұхаммед Сүлеймен («Каспий») – 127
  8. Артём Лящук («Ертіс») – 125
  9. Тимур Казанцев («Ертіс») – 47
  10. Ислам Юрий («Ертіс») – 24

Голдардың видеосын мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Айта кетейік, турнир кестесінде 6 ойында төрт рет жеңіске жетіп, екі мәрте тең нәтиже тіркеген алматылық «Қайрат» 14 ұпаймен көш бастап тұр.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!