03.06.2025
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Андорраға қарсы ойынға дайындығын бастады

Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Андорраға қарсы ойынға дайындығын бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Айта кетейік, жастарымыз D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларына қарсы ойнайды.
Аға бапкер Денис Мамоновтың шәкірттері 2 маусымда Астанада жиналды. Енді олар оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Кездесу 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында 19:30-да өтеді.
Ойын кестесі төмендегіше:
2025 жыл
8 маусым
Қазақстан - Англия
9 қазан
Андорра - Қазақстан
13 қараша
Словакия - Қазақстан
17 қараша
Қазақстан - Молдова
2026 жыл
27 наурыз
Қазақстан - Словакия
31 наурыз
Қазақстан - Ирландия
25 қыркүйек
Англия - Қазақстан
29 қыркүйек
Ирландия - Қазақстан
6 қазан
Молдова - Қазақстан
Ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Атырау»), Дулат Талыспаев («Кёге»), Мирас Рихард («Ертіс»)
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Жетысу»), Санжар Әнуаров («Астана»), Александр Мигунов, Эльхан Саидов (екеуі де – «Шахтер»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»);
Жартылай қорғаушылар: Әбинұр Нұрымбет («Тұран»), Вячеслав Раскатов («Ертіс»), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Мирас Көбеев («Ислочь», Беларусь), Олжас Байбек, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания), Давид Есімбеков («Жетісу»), Хамза Мұхаметәли («AKAS»);
Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»), Артем Литош («Хан-Тәңірі»);
