2 күн бұрын

Абзал Бейсебеков «Астана» сапындағы 300-ші матчын өткізді

Абзал Бейсебеков «Астана» сапындағы 300-ші матчын өткізді

Фото: fc astana

Қвзақстан Премьер-лигасы 11 турында «Астананың» 32 жастағы қорғаушысы Абзал Бейсебеков «Елімайға» қарсы (2:0) кездесуде елордалық клуб сапында 300-ші матчын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Абзал Бейсебеков 2009 жылы 6 сәуірде «Атырауға» қарсы ойында елордалық клуб үшін премьер-лигада дебют жасады. Ол бастапқы құрамда шығып, оны 88-минутта Мұрат Сүйімағамбетов ауыстырды. 

«Астана» құрамында ол 15-ші нөмірлі жейдемен ойын көрсетеді. Клуб сапында ол 14 гол соқты. 

Сондай-ақ, Абзал Бейсебеков қазақстан чемпионатында «Қайрат» (16 матч) және «Восток» (23 матч) сапында ойын көрсетті. 

Қазақстанның барлық жасөспірімдер және жастар құрамалары сапында доп тепкен. 

Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында 2014 жылдық қазан айында Чехия құрамасына қарсы ойында дебют жасаған. Абзал осы уақытқа дейін еліміздің басты командасы сапында 28 ойын өткізген.  

"Астана" сапына 2009 жылы қосылды. Клуб тарихындағы гол соққан ең жас ойыншы.

Еурокубоктерде алаңға шығып, бір гол соққан ("Хапоэл" қақпасына). 

КПЛ-да ойнаған матчтар бойынша Абзал «Астана» командасының рекордсмені болып табылады. 

Қазақстан чемпионатында ол барлығы 339 матч өткізіп, 14 гол соқты. Бұл көрсеткіш бойынша елімізде Нұрбол Жұмаскалиев («Тобыл») - 448, Руслан Иманқұлов («Шахтер») - 364, Андрей Финонченко («Шахтер») - 344 ойынмен алғашқы орындарда келеді. 


UFC 316 турнирінің толық карды белгілі болды

ММА/UFC

UFC 316 турнирінің толық карды белгілі болды

ФИФА КӘЧ жеңімпазына арналған логоны таныстырды

Футбол

ФИФА КӘЧ жеңімпазына арналған логоны таныстырды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола медаль еншіледі

Париж-2024 39 минут бұрын

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола медаль еншіледі

Қазақстандық гимнастар Азия чемпионатында бес финалға жолдама алды

Париж-2024 56 минут бұрын

Қазақстандық гимнастар Азия чемпионатында бес финалға жолдама алды

«Реал» 17 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушымен келісімшартқа отырды

Футбол 1 сағат бұрын

«Реал» 17 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушымен келісімшартқа отырды

Максим Самородов: Ұлттық құрамада қай позицияға қойса да, ойнауға дайынмын

Футбол 1 сағат бұрын

Максим Самородов: Ұлттық құрамада қай позицияға қойса да, ойнауға дайынмын