2 күн бұрын
Еуропада қазақстандық футболшыны Ламин Ямальға теңеді

Фото: «Қайрат» ФК
«Қайрат» футбол клубы мен Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Валерий Громыко 16 жастағы әріптесі Дастан Сәтпаевты Ламин Ямальға теңеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
— Менің біліуімше, ол біздің құрамаға қарсы ойынға қатыспайды. Бірақ, Дастан – жай ғана «космос»! Екінші Ламин Ямаль дерсің,– деді Валерий Громыко.
Еске салсақ, Дастан Сәтпаев биыл ақпан айында ағылшындық «Челси» клубының ойыншысы атанды. Лондондық клуб «Қайраттың» шабуылшысын 4,3 миллион еуроға сатып алды. Алайда Дастан кәмелеттік жасқа толғанға дейін алматылық клуб сапында ойнауын жалғастырады.
Айта кетейік, Қазақстан мен Беларусь құрамалары 5 маусым күні Минскте жолдастық кездесу өткізеді.
