2 күн бұрын

Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Люксембургке есе жіберді

Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Люксембургке есе жіберді

Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы UEFA Ұлттар лигасында бүгін Люксембургпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ел құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионы үшінші тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Армения, Люксембург және Лихтенштейн.

Қазір аталған топта бес турдан кейін Люксембург 13 ұпаймен көш басында тұрса, одан кейінгі орындағы Қазақстанның 10 ұпайы болды. Ал Армения 6 ұпай еншілесе, Лихтенштейннің қоржыны бос.

Бұл ойынның екі құрама үшін маңызы зор еді. Жеңгені алдағы маусымда В лигасында бақ сынауға мүмкіндік алатын. 

Кездесу барысында ойын басында қазақстандық құрама сапынан Қазына Нұрбаева 5-минутта алаңнан қуылды. Ол қақпашымен бетпе-бет шығуға жақын қалған қарсыласын құлатты. Соған қарамастан бірінші кезеңде қазақстандық футболшылар алға қарай ұмтыла түсті. Нәтижесінде 15-минутта айып добын шебер орындаған Камила Жұмабайқызы өз құрамасын алға шығарды.

Екінші кезеңде люксембургтік футболшылар үш гол соғып кетті. Салдарынан Қазақстан әйелдер құрамасы қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.

Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы өз тобында 10 ұпай жинап, екінші орынға жайғасты. 

Ал 16 ұпай жинаған Люксембург өз тобында бірінші орын алып, алдағы маусымда В лигасында сынға түсетін болды.

Алғашқы екі ойында қазақстандық футболшылар Арменияға 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Люксембургпен 2:2 есебімен тең түсті. Ал үшінші турда Лихтенштейнді 4:0 есебімен тізе бүктірсе, төртінші турда Армениядан 3:2 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ 29 мамырда ел құрамасы тағы да Лихтенштейнді 4:0 есебімен тізе бүктірді.

UFC 316 турнирінің толық карды белгілі болды

ММА/UFC 3 сағат бұрын

UFC 316 турнирінің толық карды белгілі болды

ФИФА КӘЧ жеңімпазына арналған логоны таныстырды

Футбол 3 сағат бұрын

ФИФА КӘЧ жеңімпазына арналған логоны таныстырды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола медаль еншіледі

Париж-2024 4 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола медаль еншіледі

Қазақстандық гимнастар Азия чемпионатында бес финалға жолдама алды

Париж-2024 5 сағат бұрын

Қазақстандық гимнастар Азия чемпионатында бес финалға жолдама алды

«Реал» 17 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушымен келісімшартқа отырды

Футбол 5 сағат бұрын

«Реал» 17 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушымен келісімшартқа отырды

Максим Самородов: Ұлттық құрамада қай позицияға қойса да, ойнауға дайынмын

Футбол 5 сағат бұрын

Максим Самородов: Ұлттық құрамада қай позицияға қойса да, ойнауға дайынмын