2 күн бұрын
Симо́не Индза́ги «Интердің» бас бапкері қызметінен кетті

Фото: m.sports.ru
Белгілі бапкер Симо́не Индза́ги «Интер» командасы бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Итальяндық маман аталған клубтың тізгінін 2021 жылдан бері ұстап келді. 2023/24 жылғы маусымда «Интер» командасы өз елінің чемпионы атағын жеңіп алды. 2021/22, 2022/23 жылғы маусымда Италия кубогының иегері атанса, 2021, 2022, 2023 жылдарда Италия суперкубогына қол созды.
«Интер» биыл Чемпиондар лигасы финалына дейін жетті. Финалда Францияның «Пари Сен-Жермен» клубына 0:5 есебімен есе жіберді.
Ол 2010 жылдан бері бапкерлік қызметпен айналысып келеді. Италияда «Интерден» басқа «Лацио» клубына да жетекшілік етті.
Спорттық мансабында 1994-2008 жылдарда италиялық клубтарда доп тепті. 2000-2003 жылдарда өз елінің ұлттық құрамасының жейдесін киді.
Бірқатар басылымдар оны енді Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубына барады деген ақпарат таратып отыр.
