14 сағат бұрын

ҚФФ «Ақтөбе» – «Қайрат» матчына қатысты қатаң шешімдер шығарды: айыппұлдар мен дисквалификациялар

ҚФФ «Ақтөбе» – «Қайрат» матчына қатысты қатаң шешімдер шығарды: айыппұлдар мен  дисквалификациялар

Фото: Getty Images

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бақылау, тәртіп және этика комитеті Қазақстан Премьер-Лигасының 11-турында өткен «Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы матчтан кейін бірқатар қатаң шешімдер қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл ойында алматылық команда 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Ақтөбе» футбол клубына жанкүйерлердің ерсі қылықтары үшін 2 752 400 теңге көлемінде айыппұл салынды. Аталған матчта ақтөбелік жанкүйерлер алаңға әртүрлі заттар лақтырып, төреші мен қарсылас команда ойышыларына дөрекі сөздер айтқан еді.

Сонымен қатар, матч біткен соң «Ақтөбе» шабуылшысы Идрис Умаев жанжал шығарып, қарсыласты ұрып жіберген болатын. Соған байланысты ол бес матчқа дисквалификация алды. Бұл жаза 2025 жылдың 31 мамырынан бастап күшіне енеді. Осыған байланысты Умаев «Қызылжар» (14 маусым), «Астана» (22 маусым), «Тұран» (29 маусым), «Атырау» (5 шілде) және «Тобыл» (19 шілде) командаларына қарсы ойындарға қатыса алмайды.

Алматылық команданың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин де жазасыз қалмады. Ол матч кезінде төрешіге бейәдеп сөздер айтып, спорттық емес әрекеттер көрсеткен болатын. Сол үшін төрт ойынға алаң жиегінен шеттетілді. Сонымен қатар, «Ақтөбе» жанкүйерлеріне айтқан дөрекі сөздері үшін 589 800 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әзербайжаннан жеңілді

Футбол 50 минут бұрын

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әзербайжаннан жеңілді

Нидерландтағы турнирде қазақстандық бес боксшы жеңіске жетті

Бокс 1 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде қазақстандық бес боксшы жеңіске жетті

Қазақстан құрамасының алдағы қарсыласы Бельгиямен тең түсті

Футбол 2 сағат бұрын

Қазақстан құрамасының алдағы қарсыласы Бельгиямен тең түсті

Қазақстандық боксшының Испаниядағы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Бокс 2 сағат бұрын

Қазақстандық боксшының Испаниядағы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

«Ролан Гаррос» турнирінің барлық финалисі анықталды

Теннис 3 сағат бұрын

«Ролан Гаррос» турнирінің барлық финалисі анықталды

Әлем чемпионаты: Норвегия футбол құрамасы Италияны ірі есеппен жеңді

Футбол 4 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Норвегия футбол құрамасы Италияны ірі есеппен жеңді