4 сағат бұрын
Жолдастық кездесуде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Грузиядан жеңілді

Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде Грузияға есе жіберді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық футболшылар қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді. Соңғы минутта соғылған гол матч тағдырын шешіп кетті. Ел құрамасы сапынан Расул Әкімов көзге түсті.
Қазақстандық футболшылардың Габала қаласында Әзербайжан және Грузия құрамаларымен екі жолдастық матч жоспарланған.
Алғашқы ойында олар Әзербайжанға 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Еліміздің жасөспірімдер құрамасы 28 мамырдан бастап оқу-жаттығу жиынын бастады. Алғашқы оқу-жаттығу жиынын Талғар қаласында өткізді.
Бұл құрамаға аға жаттықтырушы Бауыржан Сағындық жетекшілік етеді.
