5 сағат бұрын
Қазақстан – Солтүстік Македония кездесуінде словакиялық төрешілер қызмет атқарады

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Солтүстік Македония кездесуінде словакиялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Аталған ойында бас төреші қызметін Филип Глова атқарады. Оған отандастары Даниэль Полачек пен Питер Беднар көмекшілік жасайды. Қосалы төреші де сол елдің өкілі Питер Кралович.
2026 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық футболшылар J тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары — Бельгия, Солтүстік Македония, Уэльс, Лихтенштейн.
Қазірге дейін ел құрамасы Уэльске (1:3) жол беріп, Люксембургті (2:0) қапы қалдырды. Турнир кестесінде үш ұпаймен үшінші орында келеді.
