5 сағат бұрын
Кевин Де Брюйне «Наполиде» қанша жалақы алады?

«Манчестер Сити» клубының жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне алдағы күндері Италияның әйгілі «Наполи» клубына ауысатын болды, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Il Mattino басылымына сілтеме жасап.
33 жастағы бельгиялық футболшы «Наполимен» екі жылдық келісімшартқа қол қоймақ. Жаңа клубында Де Брюйне жылына 5 миллион еуро табыс табатын болады.
Кевиннің қазіргі келісімі 30 маусымда аяқталып, еркін агентке айналады. Ол «Манчестер Ситиге» 2015 жылы «Вольфсбургтен» ауысқан болатын. Осы уақыт аралығында командамен бірге 18 түрлі трофейге қол жеткізді.
Өткен маусымда Де Брюйне 40 матчқа қатысып, 6 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.
