Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

09.06.2025

Қазақстандық спортшылар осы аптада қандай жарыстарға қатысады?

Қазақстандық спортшылар осы аптада қандай жарыстарға қатысады?

Фото: Сали Сабиров / ҰОК

ҚР Туризм және спорт министрлігі 9-15 маусым аралығына жоспарланған спорттық жарыстар кестесін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

10–14 маусым: Нысана көздеуден Әлем кубогі

  • Ел құрамасынан 15 спортшы қатысады
  • Өтетін орны: Мюнхен қаласы, Германия

12–15 маусым: U23 және жасөспірімдер арасындағы байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты

  • Жарысқа 12 спортшымыз қатысады
  • Өтетін орны: Паттайя қаласы, Таиланд

12–15 маусым: Грэпплингтен халықаралық турнир

  • Турнирге 10 елден 800 спортшы қатысады
  • Өтетін орны: Астана қаласы

13–15 маусым: Спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогі

  • Жарыста 1 спортшымыз бақ сынайды
  • Өтетін орны: Берн қаласы, Швейцария

13–15 маусым: WT таэквондодан Grand Prix Challenge G2 халықаралық турнирі

  • Байрақты бәсекеге 5 спортшымыз қатысады
  • Өтетін орны: Шарлотт қаласы, АҚШ

13–15 маусым: Көркем жүзуден Әлем кубогі (Суперфинал)

  • Жүлде жолында 12 спортшымыз бақ сынайды
  • Өтетін орны: Сиань қаласы, Қытай

13–20 маусым: Дзюдодан әлем чемпионаты

  • Ел құрамасынан 12 спортшы татамиге шығады
  • Өтетін орны: Будапешт қаласы, Мажарстан

14–21 маусым: Садақ атудан Азия кубогі (2-кезең)

  • Сайыста 10 спортшымыз өнер көрсетеді
  • Өтетін орны: Сингапур қаласы, Сингапур

Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан