21 сағат бұрын

Мұхаммеджан Сейсен: қарсыласқа сенімділік беріп қойдық

Мұхаммеджан Сейсен: қарсыласқа сенімділік беріп қойдық

Нұрғали Жұмағазы

Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен Солтүстік Македониямен өткен ойындағы басты сәтті айтты, деп хабарлады Sport12.kz

  • Бастапқы 25-30 минутта басымдық бізде болды деп ойлаймын. Көп шабуыл жасадық, допқа иелік еттік. Бірақ гол өткізгеннен кейін, қонақтар өздеріне деген сенімділіктерін арттырды. Екінші таймда да соңына дейін қарсыласымызды тықсырдық. Алайда гол соғу бұйырмады. Ойын стратегиясын айтатын болсам, наурыз айында өткен түздегі ойындарда көбінесе қорғаныс шебінде өткеруге мәжбүр болдық. Өз жерімізде алға ұмтылдық. Тіпті Солтүстік Македония бізден ондай батылдықты күтпеді", - деп Мұхаммеджан Сейсен пікірімен бөлісті.

Сондай-ақ, Мұхаммеджан ұлттық құрамадағы бірінші нөмірлі қақпашы кім деген сұраққа да жауап берді:

  • Ұлттық құрамада нақты кім бірінші нөмірлі қақпашы екенін білмеймін. Оны бапкерлер шешеді. Бірақ өзімді көшбасшы деп есептеймін. Ұлттық құрамадан капитан, ағамыз Асхат Тағыберген кетіп жатыр ғой. Енді негізгі жауапкершілікті мойнымызға алуымыз қажет.

Айта кетейік, 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы 3 ойын өткізіп үлгерді. Уэльске қарсы кездесуде қақпа бағанын Александр Заруцкий қорғаса, Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияда жауапкершілік Мұхаммеджан Сейсенге артылды.

Анна Данилина WTA жұптық рейтингінде 8 саты жоғарылады

Теннис 7 минут бұрын

Анна Данилина WTA жұптық рейтингінде 8 саты жоғарылады

«Динамо» Бактиер Зайнутдиновқа қызығушылық білдіріп отыр

Футбол 13 минут бұрын

«Динамо» Бактиер Зайнутдиновқа қызығушылық білдіріп отыр

Қазақстан жастар құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Футбол 25 минут бұрын

Қазақстан жастар құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Бразилия, Эквадор: Әлем чемпионатына шыққан құрамалар саны 13-ке жетті

Футбол 30 минут бұрын

Бразилия, Эквадор: Әлем чемпионатына шыққан құрамалар саны 13-ке жетті

Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен әлемдік рейтингте көш бастап тұр

Күрес 45 минут бұрын

Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен әлемдік рейтингте көш бастап тұр

Аустралия 11-ші болып Әлем чемпионатына жолдама алды

Футбол 2 сағат бұрын

Аустралия 11-ші болып Әлем чемпионатына жолдама алды