17 сағат бұрын

Семсерлесуден Азия чемпионатында жүлде бола ма?

Семсерлесуден Азия чемпионатында жүлде бола ма?

Кейінгі жылдары жақсы көрсеткіштерімен танылып жүрген семсерлесушілеріміз 18-23 маусым аралығында Балиде (Индонезия) сары құрлықтың жүлдесіне таласады, деп хабарлайды Sport12.kz

Украиналық маманның жұмысы

Париж Олимпиадасынан кейін сапы сайысы бойынша венгриялық кеңесші-маман Ференц Тот қызметінен кетіп, оның орнына Жапонияны баптаған украиналық Александр Горбачукты шақырды. Енді әлем чемпионатының алдында бұл бапкер басты қарсыластарымыз Жапонияға қарсы жеңістің кілтін іздеп көрмек.

Мүмкіндіктеріміз қалай?

Сапы жаттығуында жүлдеге 90 спортшы таласады. Басты фавориттер:

Коки Кано (Париж Олимпиадасының чемпионы, Жапония)

Масару Ямада (әлемде 6-орын, Жапония)

Акира Комата (әлемде 7-орын, Жапония)

Руслан Құрбанов (әлемде 8-орын, Қазақстан)

Хо Вай Ханг (әлемде 13-орын, Гонконг)

Бұл қатарға рейтингісі төмен болса да, Ресейден Өзбекстанға ауысқан Вадим Анохинді есептен шығаруға болмайды.

2024 жылғы Азия чемпионатында Гонконг спортшысы Хо Вай Ханг жеңімпаз атанса, жерлесіміз Ерлік Сертай алғаш рет қола жүлдеге ие болды. 

Командалық сайыс

Сапы жаттығуынан кейінгі 2 жылда Қазақстан мен Жапония өзара алтынды сарапқа салып жүр. 2023 жылы Жапония басым түссе, 2024 жылы Қазақстан топ жарды. Ал Париж Олимпиадасында Жапония күміс жүлдегер атанды.

Жапония (әлемде 2-орын)

Қазақстан (әлемде 5-орын)

Қытай (әлемде 12-орын)

Гонконг (әлемде 13-орын)

Оңтүстік Корея (әлемде 19-орын)

Қылыш

Жеке сайыста Артем Саркисян 2022 жылы қола жүлдеге ілікті. 2024 жылы Қазақстанның ерлер құрамасы да сенсация жасап, 3-орынға тұрақтаған еді. Бірақ осы жолы Оңтүстік Корея (Париж Олимпиадасының чемпионы), Қытай, Иран, Жапонияның өзгелерден шоқтығы биік тұр.

Әйелдер

Ең жоғарғы мүмкіндік - қылыштан командалық сайыс. Себебі, кейінгі 3 жылдың ішінде 2 мәрте жүлдегерлер қатарына кірдік. 2024 жылы финалға Қазақстан мен Қытай шығып еді. Бірақ осы жолы өте қиын.

Оңтүстік Кореяның сапында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегерлері Хайонг Жеон, Себин Чой қатысады.

Жапония сапында Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері Сери Озаки мен Емура Мисаки бар.

Қытай, Гонконг, Өзбекстан да Қазақстанмен қола жүлдеге таласуға қауқарлы.

2024 жылы Кувейтте ұйымдастырылған Азия чемпионатында Қазақстан 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальді еншілеп, жалпы есепте 5-орынға тұрақтады. 

Қазақстандық футбол клубтарының еурокубоктағы ықтимал қарсыластары анықталды

Футбол 2 сағат бұрын

Қазақстандық футбол клубтарының еурокубоктағы ықтимал қарсыластары анықталды

Cәкен Бибосыновқа отандық боксшылардан кімнің өнері ұнайды?

Бокс 3 сағат бұрын

Cәкен Бибосыновқа отандық боксшылардан кімнің өнері ұнайды?

Сәкен Бибосынов спорттан қашан кететіндігін айтты

Бокс 3 сағат бұрын

Сәкен Бибосынов спорттан қашан кететіндігін айтты

Бүгін еурокубок ойындарының жеребесі тартылады

Футбол 4 сағат бұрын

Бүгін еурокубок ойындарының жеребесі тартылады

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар кубогын төртінші орынмен аяқтады

Басқа 4 сағат бұрын

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар кубогын төртінші орынмен аяқтады

Шетелдік ойыншылар «Тұран» сапынан кетті

Футбол 4 сағат бұрын

Шетелдік ойыншылар «Тұран» сапынан кетті