9 сағат бұрын
Шетелдік ойыншылар «Тұран» сапынан кетті

Фото: «Тұран» футбол клубы
Қазақстандық футбол комментаторы Әлімжан Асқар «Fonteam» YouTube-арнасында түркістандық «Тұран» клубымен келісімшартты бұзған футболшылар тізімін жария етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
- Легионерлерді жинау бастапқыда қате болды. Қазақстандық футболшыларға көбірек мүмкіндік беру қажет болды. Енді қаржы мәселесіне байланысты шетелдік ойыншылар командаданк ету жөнінде шешім қабылдады. Олардың қатарында Егор Хаткевич, Әділбек Абдумажитов, Руслан Юденков, Иован Пайович, Василий Совпель, Хуршидбек Мухторов, Шохбоз Омаров, Бехрузбек Аскаров, Горан Милойко, Лука Згурский және Константин Дорофеев бар. Олардың саны 12-ге жетеді, ал бас бапкер кетеді, - деді Әлімжан Асқар.
Бұған дейін түркістандық «Тұранды» бас бапкер Виталий Жуковский тастап кететіні туралы ақпарат болған еді.
