17.06.2025

Ескек есуден Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 15 медаль жеңіп алды

Ескек есуден Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 15 медаль жеңіп алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Таиландтың Районг қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден 18 бен 23 жас санатындағы Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сары құрлық бәсекесінде U23 санатында Ұлттық құрама спортшылары сынға түсіп, 6 алтын, 6 күміс және 3 қола медальмен жалпы есепте 2-орынға тұрақтады.

Жүлдегерлер тізімі мынадай:

Алтын:

Денис Кленин (байдарка, 1000 м)

Стелла Суханова (байдарка, 1000 м)

Стелла Суханова (байдарка, 200 м)

Стелла Суханова (байдарка, 500 м)

Дмитрий Холмогоров/Егор.Краснонос (байдарка, 500 м)

Дмитрий Холмогоров/Стелла Суханова (байдарка микст, 500 м)

Күміс:

Әнуар Алмағамбетов (каноэ, 200 м)

Ольга Сурмина/Мария Бровкова (каноэ, 200 м)

Мария Бровкова (каноэ, 500 м)

Қазақстан ерлер құрамасы (Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос, Денис Кленин, Дмитрий Ладюков (байдарка, 500 м)

Ольга Сурмина/Мария Бровкова (каноэ, 500 м)

Виктория Фалалеева/Татьяна Гладкова (байдарка, 500 м)

Қола:

Нұржан Муфуқұлұлы/Әнуар Алмағамбетов (каноэ, 500 м)

Қазақстан әйелдер құрамасы (Елизавета Масякина, Альбина Халикова, Евгения Тютюкина, Валентина Роговская (байдарка, 500 м)

Әнуар Алмағамбетов (каноэ, 500 м)

Биылғы чемпионатқа 16 мемлекеттен 270 спортшы қатысты. Қазақстан 18 бен 23 жас санатын қосқанда барлығы 12 алтын, 12 күміс, 7 қола жүлде иеленді.

Айта кетейік, Районгта 4 дүркін Азия чемпионы атанған Стелла Суханова Ұлттық құрамаға осы маусымда қосылды. Ол бір ай бұрын Қытайдың Наньчан қаласында алғаш рет ересектер арасындағы құрлық додасына қатысып, 1 алтын, 1 күміс жүлдеге қол жеткізген.


Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Хоккей 7 сағат бұрын

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Футбол 7 сағат бұрын

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Футбол 8 сағат бұрын

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Футбол 8 сағат бұрын

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Футбол 9 сағат бұрын

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты

Бокс 9 сағат бұрын

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты