8 сағат бұрын
Қазақстандық футбол клубтарының еурокубоктағы ықтимал қарсыластары анықталды

Фото: uefa.com
Қазақстандық футбол клубтарының еурокубок ойындарындағы ықтимал қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
UEFA Чемпиондар лигасында сынға түсетін алматылық «Қайрат» командасына жарысың бірінші іріктеу кезеңінде «Лудогорец» (Болгария), «Олимпия» (Словения), «Зриньски» (Босния және Герцоговина) және «Будучност» (Черногория) қарсылас атануы мүмкін.
Ал Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» «Легия Варшава» (Польша), «Партизан Белград» (Сербия), «ЧФР 1907» Клуж (Румыния) және «Хапоэль» Беэр-Шева (Израиль) клубтарымен ойнауы мүмкін.
Сондай-ақ Конференция лигасын бірінші іріктеу кезеңінен бастайтын шымкенттік «Ордабасының» ықтимал қарсыластары - «Неман» (Беларусь), «Биркиркара» (Мальта), «Торпедо» Кутаиси (Грузия) және «Силекс» (Солтүстік Македония).
Еурокубок ойындарының жеребе тарту рәсімі бүгін, 17 маусымда өтеді.
