6 сағат бұрын
«Астана» еурокубоктағы мүмкін болар қарсыластарын білді

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстанның атынан бұл кезеңде «Астана» командасы қатысады. Жеребе нәтижесінде «Астананың» мүмкін қарсыластары ретінде келесі командалар белгіленді: АИК (Швеция), Раднички 1923 (Сербия), Жилина (Словакия), Зимбру (Молдова), Банга (Литва).
Жеребе тарту рәсімі қазақстандық уақытпен сағат 17:00-де басталады.
Айта кетейік, «Астана» бұл турнирге екінші кезеңнен бастайды. Ал қалған үш қазақстандық клуб – «Қайрат», «Ақтөбе» және «Ордабасы» өз жолдарын бірінші іріктеу кезеңінен бастайды.
