18.06.2025

Қазақстандық клубтардың футболдан Конференция лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды

Қазақстандық клубтардың футболдан Конференция лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды

Фото: «Астана» футбол клубы

Қазақстандық клубтардың футболдан Конференция лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды, деп хабарлайды  Sport12.kz.

«Астана» футбол клубының Конференция лигасындағы жорығын бірден екінші іріктеу кезеңінен бастап, Молдованың «Зимбру» командасымен шеберлік байқасады.

Командалар 24 және 31 шілде күндері үшінші іріктеу кезеңінің жолдамасын сарапқа салады.

«Ордабасы» Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіне шыққан жағдайда дәл сол күндері Кипрдің «Омония» клубымен ойнайды. Оларға алғашқы іріктеу кезеңінде Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасы қарсылас атанған болатын. Ойындар 10 және 17 шілдеге жоспарланған.

Алматылық «Қайрат» Конференция лигасына түскен жағдайда екінші іріктеу кезеңінде ФКСБ (Румыния) бен «Интер д’Эскальдес» (Андорра) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Қазірге дейін алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасының бірінші және екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болып отыр. 

Олар алдымен Словенияның «Олимпия» командасымен кездессе, келесі кезеңге шыққан жағдайда КуПС (Финляндия) мен «Милсами» (Молдова) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ал «Ақтөбе» Конференция лигасына түскен жағдайда Чехияның «Спарта» клубымен ойнайды.

Оған дейін қазақстандық клуб Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Польшаның «Легия» (Варшава) клубымен кім мықтыны анықтайды. Ойындар 10 және 17 шілдеге жоспарланған. 

Бұл жұпта жеңімпаз болған клуб екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Баник» клубымен шеберлік байқасады. Бірінші ойын 24 шілдеге, жауапты кездесу 31 шілдеге жоспарланған.

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Хоккей 7 сағат бұрын

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Футбол 7 сағат бұрын

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Футбол 8 сағат бұрын

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Футбол 8 сағат бұрын

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Футбол 9 сағат бұрын

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты

Бокс 10 сағат бұрын

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты