17 сағат бұрын

ҚПЛ: «Қайрат» турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді

ҚПЛ: «Қайрат» турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді

Фото: Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі 13-турының алғашқы екі ойынының нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Екі кездесудің бірінде алматылық «Қайрат» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» қабылдады. 

Ойын барысында алматылық команда жылдам гол соғуға тырысты. Алғашқы минуттан шабуылға шыққан олар бірінші кезеңде дегеніне жете алған жоқ. Ойынның 31-минутында петропавлдық клубтан Тоқтар Жаңғылышбай тәртіп бұзуына байланысты қызыл қағаз алды. 

Екінші кезеңде «Қайрат» негізінен шабуылға көбірек көңіл бөлді. Нәтижесінде олардың қатарынан 74-минутта Валерий Громыко өз командасын алға шығарды. 

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Тағы бір ойында елордалық «Жеңіс» өз алаңында «Атырау» командасын қабылдады. Кездесу барысында олардың қатарынан 62- минутта Иван Шараванья мергендік танытса, 92-минутта Асхат Балтабеков көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Кездесу барысында «Жеңіс» қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктіріп, қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті.

Енді «Елімай» (Семей) мен «Тұран» (Түркістан), «Тобыл» (Қостанай) мен «Жетісу» (Талдықорған), 20:30–да «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Ордабасы» (Шымкент) шеберлік байқасады.

Ал 22 маусымда «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ұлытау» (Жезқазған), «Ақтөбе» мен «Астана» жасыл алаңға шығады.

Алмас Өтешов басшылық қызметке тағайындалды

Басқа 12 минут бұрын

Алмас Өтешов басшылық қызметке тағайындалды

Әзербайжан боксшылары Әлем кубогіне қатысу үшін Астанаға келді

Бокс 24 минут бұрын

Әзербайжан боксшылары Әлем кубогіне қатысу үшін Астанаға келді

Самат Смақов: Шәкірттеріме «Тобылға» қарсы лас ойнауға тарсырма бердім

Футбол 30 минут бұрын

Самат Смақов: Шәкірттеріме «Тобылға» қарсы лас ойнауға тарсырма бердім

Клубтар арасындағы ӘЧ: Бүгін «Реал Мадрид» екінші ойынын өткізеді

Футбол 50 минут бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: Бүгін «Реал Мадрид» екінші ойынын өткізеді

Бүгін Александр Бублик чемпиондық титулға таласады

Теннис 1 сағат бұрын

Бүгін Александр Бублик чемпиондық титулға таласады

«Алтын доп» номинациясында жаңа фаворит пайда болды

Футбол 2 сағат бұрын

«Алтын доп» номинациясында жаңа фаворит пайда болды