Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

22.06.2025

Бүгін Александр Бублик чемпиондық титулға таласады

Бүгін Александр Бублик чемпиондық титулға таласады

Бүгін Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (ATP рейтингінде 45-орында) Германияның Галле қаласында өтіп жатқан беделді теннис турнирінің финалында ресейлік Даниил Медведевпен (11-орын) күш сынасады, деп хабарлайды Sport12.kz

Даниил Медведев қазіргі таңда Ресейдің ең үздік теннисшісі (жекелей сында), ал Александр Бублик Қазақстанның көшбасшысы.

Бубликтің турнирдегі жолы нағыз сенсацияға толы болды. Ол 1-нөмірлі итальяндық Янник Синнерді, 23-орындағы чех Томаш Махачты, 21-сатыдағы ресейлік Карен Хачановты ұтып, финалға жолдама алды.

Медведев те өз кезегінде жартылай финалда турнирдің үшінші нөмірлі фавориті неміс Александр Зверевті жеңіп кетті.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан