5 сағат бұрын
«Атырау» командасынан қазақстандық сегіз ойыншы кетті

Фото: «Атырау» футбол клубы
«Атырау» футбол клубының бас директоры Дидар Сыдықбек командадан қазақстандық сегіз ойыншының кеткенін хабарлады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дидар Сыдықбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Набиханов Амандык, Атыханов Равиль, Оралбай Едіге, Абзал Шоқан, Сапанов Мейрам, Зульфикаров Бағдаулет, Ерниязов Санжар, Чирков Романның кеткенін айтты.
Сондай-ақ мамыр айының ортасынан бас бапкер болған Денис Мамонов та қызметінен кетті
«Атырау» командасы биыл сәтсіз ойнап келеді. Қазір турнир кестесінде соңғы орында тұр. Олар он бес ойыннан кейін небәрі төрт ұпай жинады.
