22.06.2025
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде чемпион атанды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Зарина Дияс Испаниядағы ITF W35 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Финалда ол италиялық Дилетта Черубиниді 6:1, 6:7 (4:7), 6:1 есебімен жеңді. Бұл Заринаның ITF аясындағы 12-ші титулы.
Зарина Дияс 1993 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазірге дейін WTA турнирлерінің бірінде жеңімпаз атанды.
2009 жылдан бері түрлі жарыстарға қатысып келеді.
